«Ауыл» партиясы «Гүлденген ауыл» акциясын жүзеге асыруда

Еске сала кетейік, 6 наурызда «Ауыл» партиясы «Гүлденген ауыл» сәтті бизнес-жобалар акциясының басталғаны туралы жариялаған болатын.
Акцияның мақсаты - барлық аймақтардан ауылда жүзеге асыруға ыңғайлы, келешегі бар, тиімді бизнес-жобаларды жинақтау, деп хабарлады «Ауыл» ХДСП баспасөз қызметі.
«Бір апта ішінде орталық кеңсеге 10-ға жуық бизнес идеялар келіп түсті. Жобалар негізінен мал шаруашылығы, егін шаруашылығы саласында. Сонымен қатар жасыл экономика, тамшылатып суару секілді бизнес идеялар бар. Жүзеге асыруға лайықты жобалар партия сайтында көрініс тапты», - делінген хабарламада.
Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, бұл партиялық жоба азаматтарға өз бастамаларын жүзеге асыруына көмектесуге, алғашқы қадамдарын жасауда қажетті кеңестер беріп, бағыт сілтеуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, барлық бизнес-жобалар сайтта ашық түрде ұсынылады. Партиялық жобаның және бір маңызды міндеті - ауылдағы халықтың өзін-өзі қаржыландыруына, өз кәсібін бастауына жағдай жасау.