«Ауыл» партиясы қостанайлық дәрігерлердің балаларын оқуға дайындауға көмектесті
«Тамыз айында «Ауыл» Халықтық - демократиялық патриотттық партиясының Костанай филиалының жастар канаты және жергілікті белсенділер «Мектепке жол» акциясына орай Тобыл ауданының ауруханасында іс шара өткізді. Бұл шараның негізгі максаты – COVID 19 жаһандық ауруына төтеп беру жолында аянбай тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жандардың отбасына, яғни балаларына, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына дайындығына көмектесу. Осыған орай дәрігерлердің оқушы балаларына мектепке қажетті кеңселік бүйымдар мен керек-жарақтар жиынтығы табысталды», делінген партияның Қостанай облыстық филиалының Facebook -тегі парақшасында.
Орталық аудандық аурухананың әкімшілігі атынан бас дәрігердің міндетін атқарушы Сырлыбек Мишанов «Ауыл» партиясына көпбалалы аурухана қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.