«Ауыл» партиясы мен Агроөнеркәсіптік кешені қауымдастықтарының альянсы меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Альянс агроөндірістік кешені кәсіпорны мен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы агроөндірістік кешенді дамытуда күш біріктіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл» партиясы мен Агроөнеркәсіптік кешені қауымдастықтарының альянсы меморандумға қол қойды

Бүгін елордада «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жаңа бағдарламаның тұжырымдамасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев пен «Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағының» төрағасы Қайрат Бисетаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Барлығымыз бір бағытта – аграрлық секторды дамыту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Меморандум тек қағаз емес, болашақта бірлесіп жұмыс істеуге және осы салаға қатысты проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – халықтың игілігі үшін жұмыс істеп, азаматтардың өмірін жақсарту», - дейді Али Бектаев.

Іс-шара барысында бизнес қауымдастықтар «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясымен бірге «Агроөнеркәсіптік кешеннің 100 проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары» тұжырымдамасы бойынша ұсыныстарын айтты. Дөңгелек үстелде алдағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына енгізілуі тиіс бірқатар тезистер мен негізгі қағидалар айтылады.