«Ауыл» партиясының белсенділері «Жайық агро» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Кенжеғали Машырықов «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауылдықтар» алдымен өндірістік кешенмен танысты. Олардың пікірінше, қайта өңдеу кәсіпорындары АӨК жүйесіндегі негізгі буын, өйткені бір жағынан олар қосылған құнды қалыптастырады және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады, ал екінші жағынан ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және жеке аулалардан шикізатты тұрақты сатып алуды қамтамасыз етеді.
Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттығына кандидат Т.Ескендіровтің айтуынша, қайта өңдеу кәсіпорындары шикізаттың 60%-дан астамын жеке аулалардан, яғни жеке тұлғалардан сатып алады. Сонымен қатар, қосылған құн салығы ет комбинаттарына жеке қосалқы шаруашылықтарға жақсы баға ұсынуға мүмкіндік бермейді, сондықтан шикізаттың едәуір бөлігі тиісті өңдеусіз делдалдар арқылы нарыққа кетеді.
Сонымен қатар, бүгін мәслихаттар депутаттығына кандидаттар өңірлерде бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Мәселен, Павлодар облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Н.Г. Арсютин, Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Б. А.Аманжолов, Е.Ч.Тоқтушаков және партияның сенімді өкілдері Е.Н.Байғұрманов, А.О.Батыршаев Ақсу ауданы Қалқаман ауылының тұрғындарымен кездесті.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Береке» ШҚ базасында «Шаруа қожалық ауыл өмірінің діңгегі» атты іс-шара өткізілді, оған «Ауыл» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Садығұлов, Ғ.Малбасарова, Ы.Бақытов, аудандық штаб мүшелері, партия белсенділері қатысты.