«Ауыл» партиясының кандидаттары қолөнер шеберлерімен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кандидаттары халықпен кездесуін жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 желтоқсанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының тізімімен Парламент Мәжілісіне ұсынылған кандидаттар Б.Төлеген, А.Көкеева және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатына үміткерлер Ф. Энгишев пен А.Елубаева қолөнер шеберлерімен кездесті.
Кездесуге отандық қолөнер шеберлері қатысып, «Ауыл» партиясы кандидаттарына өз өнімдерін көрсетті. Шеберлердің басым бөлігі - қандастар.
«Ауыл» партиясының кандидаттарымен кездесуге этнодизайнер, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақ ұлттық дизайн академиясының академигі Қазипа Қалиқызы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облысы филиалының басшысы, графикалық жарнама дизайнері Алтынгүл Мәденқызы қатысты.
Кездесу соңында «ауылдық» кандидаттар келушілерге партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын тәптіштеп түсіндіріп берді.