«Ауыл» партиясының өкілдері түркістандық фермерлермен кездесті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 23 желтоқсан күні «Қуан» шаруа қожалығының базасында «Ауылдан ауылға» акция аясында «Ауыл» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Қарлығаш Аралбекова мен Болатбек Қыстауов Түркістан облысының фермерлерімен кездесіп, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарлығаш Аралбекова фермерлерге партияның елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстары туралы айтты.
Болатбек Қыстауов қосып өткендей, саланы мемлекеттік қолдаудың қазіргі жүйесі мен оны іске асыру тетіктері өте күрделі, оны ауылшаруашылық тауар өндірушілер қиын қабылдайды, көбінесе шатасып жатады. Сайып келгенде, осының бәрі бюджет қаражатын ұрлау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа баруға қолайлы негіз болады.
Фермерлер партия ұсыныстарын қолдады. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар «ауылдықтарға» сайлауда жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.