«Ауыл» партиясының өкілдері Желтоқсан ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні «Ауыл» ХДПП партиясының өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументі мен Желтоқсан ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен қатар партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ә. Сатыбалдин, А. Мұхаметов, Қ.Тасыбеков, Д. Қуат Алматыдағы Молдахмет Қаназ, Қасымхан Бегіманов, Асқар Наймантаев, Маралтай Райымбеков және сынды белгілі жазушылар мен ақындар кездесті.
Өз кезегінде, партия көшбасшысы Ә. Бектаев «Ауыл» партиясының жұмысы туралы айтты.
Қасымхан Бегіманов ауыл сөзі әрбір қазақстандық үшін жанына өте жақын екенін атап өтті.
Кездесу барысында партияның азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған ұсынысы да талқыланды.
Мәжіліске кандидат, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қорғауға қатысты өз пікірімен бөлісті.