«Ауыл» партиясының өкілі шаруалармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 12 желтоқсан күні «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі Рабиға Тоқсейітова Үштөбе ауылында орналасқан «Жәке» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.

«Ауыл» партиясының өкілі шаруалармен кездесті

Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Рабиға Тоқсейітова «Жәке» қызметкерлерін агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәселелерді талқыға салды.

«Жәке» шаруа қожалығының қызметкерлері бордақылау кешені экологиялық таза ет өндіруге мүдделі екенін және өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауды әрдайым қолдайтынын атап өтті.

Рабиға Токсеитов облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Анар Турмахамбетовамен бірге өңірдің көпбалалы аналарымен де кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.