«Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заң шаруалардың табысын молайтады - Р.Құрманов
Оның айтуынша, жаңа заң арқылы шаруалар өз ойларын еркін айтып, өзара құқықтарын теңестіре алады. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң кооперативтерге таңдау жасауды еркіндік береді. Мысалы, бұрынғы заң жобаларында кооперативтердің қайсысы жарғылық қорға мол ақша салса, ол ұйым көбірек дауыс беретін еді. Ал қазіргі заң бойынша бір кооператив бір дауысқа ие. Оның жарғылық қорға салған ақшасына қарамай, өзгелермен құқығы теңестіріліп отыр», - дейді Р.Құрманов. Жалпы, Р.Құрманов хабарлағандай, жаңа заң сондай-ақ кооперативтердің қызметіне аудит жүргізу ісін бір ізге салған әрі шаруалардың табысын молайту үшін де осы құжаттың септігі көп тиеді екен. «Заң кооперативтердің қызметіне аудит жүргізуді бір ізге салды. Кооперативтердің мүшелері аудит жалдап, өз кооперативінің қызметін тексерте алады. Сонымен қатар бұл заң шаруалардың табысын молайтады. Бұрынғы заңның мақсаты табыс емес, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға ғана бағытталса, бұл жаңа заң шаруалардың толағай табыс табуына мүмкіндік жасайды. Яғни, кооперативтердің ендігі мақсаты - табыс тауып, сол табысты кооператив мүшелері арасында бөліп бере алады. Болмаса, табысты тұтастай кооперативтің дамуына жұмсай алады», - деп түсіндірді ол. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қазанында Парламент «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңды қабылдаған еді.