Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқымдық дәнмен толық қамтамасыз етілді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқымдық дәнмен толық көлемде қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет үйінде өткен кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Техниканың дайындығы былтырғы жылғы деңгейден жоғары. Егіс жұмыстарына дизель отынын жеткізу мәселелері шешілуде. Сондай-ақ биыл алғаш рет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін минералдық тыңайтқыштар арзандатылды», -деді министр. Оның айтуынша, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы бүгінгі күнге агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне 45,9 миллиард теңге аударылды. «Өтімді кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тоқталатын болсақ, мұнда Азық-түлік келісімшарт копорациясының олардан ағымдағы нарықтық бағамен 1 миллион тоннаға дейін астық сатып алуы жоспарланып отыр», - деді А. Күрішбаев. Көктемгі егіс науқаны шараларына тоқталған министр, жалпы жұмыс қарқыны оңтайлы мерзімге сәйкес келіп отырғанын, сондай-ақ егіс алқаптарындағы ылғал өңірлерде тиісті деңгейде екенін айтып өтті.
Соңғы жаңалықтар