Ауыл шаруашылығы мақсатына бағытталған судың 20%-ға жуығы ысырап болады
«2020 жылдан 2022 жылға дейін магистральдық құбырлар арқылы су тасымалдау кезіндегі судың едәуір бөлігі шығын болады. Атап айтқанда, жалпы көлемнен 19,8% су тасымалдау кезінде жоғалады. Осылайша, суармалы егіншіліктің суды тиімсіз пайдаланып отырғаны байқалады», - деп жазылған құжатта.
Экология министрлігінің мәліметінше, тасымалдау кезінде судың мұнша көлемі тозған инфроқұрылымға байланысты шығын болады.
«Ауыл шаруашылығының суды тұтыну үлесі жалпы су шығынының 60%-ы. 2020 жылдан 2022 жылға дейін ауыл шаруашылығы қажеттілігіне бағытталған су 14,8 текше шақырымға жетті. Оның 77%-ы 1,4 млн гектар алқапты тұрақты суаруға, қалған 3,61 текше шақырымы жайылым, шабындықтарға арналды. Секторға қажетті судың 98,8% жер үсті бассейіндерінен алынады», - деген деректер келтірілген ведомствоның тұжырымдама-жобасында.
Сондай-ақ, ведомство осы тұжырымдамада батыс өңірлердегі су тапшылығы проблемасын шешу жолдарын ұсынған.