18:24, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы министрі Алматы облысының бірқатар нысандарында болады
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарында болады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, министр Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылындағы «Vege Cool» ЖШС-нің жаңа көкөніс сақтау қоймасының ашылу рәсімін қатысып, Жамбыл ауданына қарасты Үшбұлақ ауылындағы мал шаруашылығын аралайды.