Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті.
Бұл ақпаратты ҚазАқпарат тілшісі хабарласқан ведомстводағы дереккөз растады.
Айта кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексі жөніндегі жұмысқа жауапты екі мемлекеттік органның, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің өз міндетін тиісінше атқара алмағанын айтқан болатын. Осыдан соң Елбасы Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтың қызметінде жіберілген кемшіліктерге байланысты отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Сондай-ақ, Ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаев қызметінен босатылды.
Бүгін Қуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды. Жаңа министрді ұжымға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов таныстырды.