Ауыл шаруашылығы министрі өз бұйрығымен «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекітті

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Е.Аман өз бұйрығымен «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекітті, деп хабарлады ресми БАҚ.

Ауыл шаруашылығы министрі өз бұйрығымен «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекітті

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялап отыр.

***

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 5 тамыз №14-1/448 Астана қаласы

«Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Табиғи ресурстарды пайдалану стратегиясы департаменті (Мейрембеков Қ.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а. Е.АМАН.