Ауыл шаруашылығы министрі Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр

РОПАВЛ. Қыркүйектің  5-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін     жұмыс  бабындағы сапармен  Солтүстік Қазақстан облысына келді. 
None
None

 Министр  егін орағының  барысымен   танысу  сапарын Қызылжар  ауданындағы «Головкин и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен  бастады.    Мұндағылар  егін  жинауға  енді ғана кірісіп  отыр.  Ағымдағы жылы   серіктестік   ауа райына байланысты  орақты жоспарланғаннан  екі апта кеш бастады.   Шаруа қожалығының басшысы    биыл  астықтың  жақсы    шыққанын,   егер   ауа райы    қарасса,    егін  орағын  үш аптаның ішінде аяқтауды  жоспарлап отырғанын  айтты.     

 Қызылжар  ауданы ауыл шаруашылығы  басқармасының бастығы  Аман  Қабдышевтың  айтуынша,    ағымдағы жылы ауданда  164,7 мың  гектар  алқапқа   астық  себілген.  Аудан  егін орағының  қарқыны бойынша  облыста көш бастап  келеді.    Бүгінгі күнгі  жағдай  бойынша,     астықтың  33 пайызы     орылып,   16 пайызы бастырылып   бітті.   Егіннің  орташа    шығымы гектарына   15,5 центнерден айналуда.

Заманауи жоғары  өнімді  техникалардың  саны жеткілікті, егер ауа райы қолайлы болса науқанды  20  күнде аяқтауға  мүмкіндік бар.  Егін орағын  алғашқылардың бірі  болып «СБИ-Агро», «СК «Вагулинское», «Якорь-Агро», «Бескөл  тұқымдық стансысы»   және «Лесное» жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктері  бастады.  Қазір аудан   шаруашылықтары комбайнмен тікелей орып, бастыруға  кірісуде.

 Министр жұмыс сапарын Мағжан  Жұмабаев атындағы  «Аксо-Солтүстік» серіктестігінің  егістік алқабында   жалғастырды.   Ол бұдан кейін Тайыншы ауданының  шаруа  қожалықтарына  аттанды.

Соңғы жаңалықтар