Ауыл шаруашылығы министрлігі 5 мемлекеттік қызметті автоматтандыруды жоспарлап отыр

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат  - Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта өз саласындағы 5 мемлекеттік қызметті ұсынуды автоматтандыруды жоспарлап отыр.
None
None

Бұл ретте осы бағытта 350 мыңға жуық рұқсат беру құжаттарының берілуі болжанады.  Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.

«2012-2013 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық агроөнеркәсіп кешенінің «АӨК-Тұғырнама» ақпараттандыру жобасын іске асырмақ. Осы жоба аясында 350 мың рұқсат беру құжаттарының берілуін қамтамасыз ететін 5 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр»,- делінген таратылған баспасөз хабарламасында. Ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға сүйенсек, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі электрондық үкімет порталы арқылы екі электрондық қызмет көрсетеді. Бұл ретте орташа есеппен жыл сайын ауыл шаруашылығы министрлігі  700 мыңға жуық рұқсат беру қағаздарын беріп келеді. Ал 2011 жылы әкімшілікпен берілген бұндай қағаздардың саны, анықтамаларды қоса алғанда, 6 млн. асты.

Сонымен қатар,  рұқсат беру жүйесін жетілдіру шеңберінде 2011 жылдың 15 шілдесінде қолданысқа енген заң бойынша бірінші кезеңде лицензиялаудың 1 түрі мен 2 шағын түрлері, соған қоса астық экспорты бойынша лицензиялау әрекеті және рұқсат ету құжаттарының 6 түрі алынған. Оңтайландырудың екінші кезеңінде АӨК саласында рұқсат беру құжаттарының жалпы санынан 21 рұқсат беру құжаттарын алып тастау, 5 рұқсат беру құжатын жеңілдету тәртібіне көшіру ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар