10:56, 16 Қазан 2012 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктерден көмек сұрады
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік азық-түлік қорын жаңарту үшін астық сатып алуды қамтамасыз ету бойынша әкімдіктерден көмек сұрады.
Бұл туралы бүгін егін орағы науқаны бойынша селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.
«Қазіргі кезде азық-түлік корпорациясы азық-түлік қорын жаңарту үшін мемлекеттік ресурстар аясында астық сатып алуды жүзеге асыруда. Нарықта астық бағасының күрт өсуін ескере отырып, Үкіметтің қаулысымен тоннасын 40 мың теңге деңгейінде сатып алу ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тартымды болмай отыр. Осыған байланысты жоспар бойынша астықты толық көлемде сатып алуға қауіп туындауда. Бұл тұрғыда мемлекеттік азық-түлік қорын жаңарту үшін астықты сатып алуды қамтамасыз ету бойынша жергілікті жерлерде әкімдіктерден қолдау көрсетуді сұраймыз»,-деп атап өтті Е. Аман.