Ауыл шаруашылығы министрлігі биылдан бастап «ҚазАгроИнновация» компаниясын үш жылғы дивидент төлеуден толық босатты

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі биылдан бастап «ҚазАгроИнновация» компаниясын үш жылғы дивидент төлеуден толық босатты.

Ауыл шаруашылығы министрлігі биылдан бастап «ҚазАгроИнновация» компаниясын үш жылғы дивидент төлеуден толық босатты

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің «ҚазАгроИнновация» АҚ-да өткен көшпелі отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Оразаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылдан бастап мал шаруашылығы саласында ірі көлемдегі селекция бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Бұның шеңберінде асыл тұқымды шаруашылықтарға субсидия бөлу жолын өзгерту, асылдандыру үдерісіне ғалымдарды тарту жоспарлануда. Дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, қаржылық жүктемені азайту үшін министрлік 2010 жылдан бастап «ҚазАгроИнновация» компаниясын үш жылғы дивидент төлеуден толық босатты. Министрліктің тағы бір бастамашылығымен 2010 жылдан бюджеттік заңнамаға облыс әкімшіліктеріне инновациялық тәжірибені енгізу және тарату үшін қосымша қаражаттар бөліу мүмкіншілігі енгізілді», деді М. Оразаев. Оның айтуына қарағанда, бүгінгі күні облыс әкімдіктерімен қаражат бөлу жұмыстары жалғасып келеді.