Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі орманды алқаптарды өрттен қорғау мақсатында алғаш рет әдеттен тыс шараларды қолға алды

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі орманды алқаптарды өрттен қорғау мақсатында алғаш рет әдеттен тыс шараларды қолға алып отыр.
None
None

Осылайша енді еліміздің орманды алқаптары түнгі мезгілде де күзетілетін болады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, ең қауіпті деген аймақтарға ерекше назар аударылып, ол жерлерге еліміздің өзге аймақтарынан орманды қорғау шараларын жүзеге асыру үшін мамандар іссапарларға жіберілуде. «Биылғы жылы өрт қаупі төніп тұрған аймақтарда жергілікті атқарушы органдармен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен үлкен жұмыстар атқарылды. Дегенмен қауіптің ауылы алыс деуге әлі ерте. Өкініше орай, қазір біздің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің салақтығы мен жауапсыздығы Солтүстік Қазақстанда үлкен өрттің орын алуына себеп болды. Онда 748 гектар аймақты жалын шарпыды. Олардың 470 гектары орманды алқаптар. Тап осы себеппен Ақмола облысында да өрт оқиғалары орын алып, онда 21 гектар аймақ жанып кетті. Ал Қарағанды облысында тілсіз жау 17 гектар жерді күйдіріп жіберді», деді, комитет төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, қазір еліміздің барлық аймақтарына өрттердің алдын алу шараларына байланысты тиісті телефонограммалар жіберілген. Сондай-ақ облыстық-аймақтық инспекцияларға аудандық әкімдіктер арқылы өрттен сақтану шараларына байланысты тиісті кездесулер өткізу жөнінде хабарланды.

Соңғы жаңалықтар