Ауыл шаруашылығы министрлігі: «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамына президент тағайындалды

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - ҚазАқпаратқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «ҚазАгроИнновция» акционерлік қоғамының президенті болып Баян Әлімғазинова тағайындалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «ҚазАгроИнновация»  акционерлік  қоғамына президент тағайындалды
Баян Әлімғазинова бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ғылым департаментінің директоры болған. Ал Ғылым департаментінің директорлығына бұған дейін Талдау және агроөнеркәсіптік кешенді стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары болған Жандар Омаров тағайындалды.