Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда аграрлық банк құру ұсынысын қолдайды

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков парламенттiң Қазақстанда аграрлық банк құру туралы ұсынысын қолдады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда аграрлық банк құру ұсынысын қолдайды

Бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Асылжан Мамытбеков аталмыш банк өзiнiң активтерiнiң барлық 100 пайызын ауыл шаруашылығы саласына арнауы мiндеттi еместiгiн айтты. Ол өз қаражатын ыдыстарды, этикеткаларды, қапшықтарды жасайтын өндiрiстер секiлдi аграрлық секторға қатысы бар жанама салаларға құя алады.

Алайда оның атап көрсеткенiндей, бұл бастаманы жүзеге асыру үшiн ҚР "Банктер туралы" заңына өзгерiстер енгiзу қажет. Қазақстан заңнамасына сәйкес елде Тұрғын-үй Құрылыс Жинақ банкiнен басқа мамандандырылған банк болмауы тиiс.

"Сондықтан аталмыш норма өзгертiлетiн болса, бiз аграрлық банктiң құрылуын қолдаймыз. Бiздiң ойымызша, бұндай банк аграрлық секторға пайдалы болады", - дейдi А.Мамытбеков.