Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығын қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлемек

Бұл туралы бүгін аталған министрлікте өткен брифинг барысында мәлім болды.
«Іскерлік кеңес мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін жүзеге асыратын болады. Мемлекет басшысы әрбір министрлікке инвестиция мәселелеріне барынша мән беруді жүктеген еді. Сондықтан да, Іскерлік кеңестің мақсаты ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді және терең қайта өңделуін, бәсекеге қабілетті өндірісті қамтамасыз ететін республикада жоғары технологиялық инфрақұрылымдық өндірістер құру үшін ірі көлемді инвестициялар тартуды жүзеге асыратын болады. Сол бағытта министрлік тарапынан әзірленіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыттары талқыланады. Жақында Іскерлік кеңестің алғашқы отырысы өткен болатын. Онда өсімдік шаруашылығы саласын қолдаудың жаңа тетіктері талқыланды»,- дейді Іскерлік кеңес төрағасының орынбасары Арман Евниев.
Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығын ынталандыру үшін Іскерлік кеңестің қатысушылары ауылшаруашылық тауаларының кепілді сатылымын қамтамасыз етуге, техниканы жаңартуға арналған лизингтік бағдарламаларды арзандатуға, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге несиелік ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған саланы қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, Іскерлік кеңес құрамына салааралық одақтар мен бірлестіктердің басшылары деңгейінде ел экономикасының агроөнеркәсіп секторының өкілдері, агроөнеркәсіп кешен қатысушыларының қызығушылықтарын білдіретін өндірістер мен ауылшаруашылық құрылымдары, сондай-ақ министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді.