Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан барлық сала бойынша арнайы ғылыми-техникалық кеңестер ашамыз - Асылжан Мамытбеков
МАТЫ. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақ ұлттық аграрлық университеті 80 жылдан астам уақыттың ішінде 100 мыңнан астам мамандарды дайындады.
Мен бүгін сіздермен кездесіп отырғаныма ерекше қуаныштымын. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бүгін жұмыс бабымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болған кезде айтты.
Онда А.Мамытбеков оқу орнындағы Қазақ-Жапон инновациялық орталығының, ғылыми-зерттеу институттары мен түрлі зертханалардың жұмысымен танысып, аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының жетекшілерімен бейнеконференция өткізді. Сондай-ақ университеттің оқытушы-профессорларымен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
"Қазақұлттық аграрлық университеті еліміздің ауыл шаруашылығы саласында білімді, білікті мамандар дайындайтын орталыққа айналды. Бүгінгі кездесуге өзім үлкен қуанышпен келіп отырмын. Мен аграрлық саланың маманы емеспін. Бұл салада көп нәрсені білмеймін, сіздерден үйреніп жүрмін. Министрлікке келген соң оның жанынан ветеринарлық сала бойынша ғылыми-техникалық кеңес аштық", - дейді Асылжан Мамытбеков. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, алдағы уақытта енді өзге бағыттар бойынша да арнайы ғылыми-техникалық кеңестер құрылмақ.