Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мекеме көлік құралдарын дұрыс пайдаланбай отыр - Есеп комитеті

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Есеп комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» мемлекеттік кәсіпорнында көлік құралдарын пайдаланудың тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағанын атап

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мекеме көлік құралдарын дұрыс пайдаланбай отыр - Есеп комитеті

өтеді. Бағалау бойынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы көлік құралдарын пайдаланудың белгіленген ережесінің сақталуына тиісті дәрежеде назар аудармай отыр. Қызметтік және арнайы автокөлік құралдарының пайдаланылуына тиісті бақылау қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы Есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, қызметтік және арнайы жеңіл автомобильдердің тиесілілік нормативі болмағандықтан, бекітілген қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарынан тыс автокөлік құралдарын сатып алуға 40,0 млн.теңгеден астам шығын жұмсалған. Кәсіпорын балансындағы 17 автокөлік арнайы құрылғылармен жарақталмай отыр.

«Жол-көлік оқиғалары салдарынан мемлекетке келтірілген шығын уақтылы қалпына келтірілмеген. «Kyron» маркалы «Ssang Yong» автомобилінің жөндеу құны 1 млн. теңгеден асып отыр. Қазіргі уақытта ол авариялық жағдайда тұр. Қызметтік және арнайы автокөліктердің пайдаланылуына тиісті бақылау болмағандықтан, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару мәселелері реттелмегендіктен, жалпы сомасы 2,6 млн. теңгенің бензині артық жұмсалған», - делінген Есеп комитетінің қорытындысында.