Ауыл шаруашылығы несиелерінің Еуразиялық қауымдастығы құрылады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Агроөнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, аграрлық банктері және басқа да несиелік мекемелер мен қызметтері Достастық елдеріндегі жұмысымен байланысты ұйымдардың басын қосқан Ауыл шаруашылығы несиелерінің Еуразиялық қауымдастығы құрылуда.

Ауыл шаруашылығы   несиелерінің  Еуразиялық  қауымдастығы құрылады
Жаңа коммерциялық емес мемлекетаралық ұйымды құру туралы шешімді Достастық елдерінің аграрлық банктерінің басшылары жақында Минскіде, ТМД Атқарушы комитетінде өткен мәжілісте қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауыл шаруашылығы несиелерінің Еуразиялық қауымдастығын құру идеясына «Российский Сельскохозяйственный банк" ААҚ мен "Белагропромбанк" ААҚ ұйытқы болып отыр. Қауымдастықты құрудағы негізгі мақсат - ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы іргелі міндеттерді шешу, Қауымдастыққа қатысушы елдердің агроөнеркәсіптік кешендеріндегі банк жүйелерінің оңтайлы жұмысына жағдай жасау, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік ақша-несие саясатын жасауға атсалысу, т.б. болып отыр.