Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістер қуаты 30% ғана жүктелген - Мемлекет басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістер қуаты 30% ғана жүктелген. Бұл мәселеде әкімдіктер жақсылап жұмыс істеуі керек», - деді Н.Назарбаев Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі твиттер арқылы.
Сондай-ақ, ол мемлекет субсидиялар көлемін жыл сайын арттырып келе жатқанын айта келіп, жауапты тұлғалардан осы салада қандай нәтижеге жеткенімізді сұрады. «Мемлекет субсидиялар көлемін жыл сайын арттырып келеді. Соңғы 5 жылда 2 есеге ұлғайды. Ал нәтиже қандай?» - деп сұрады Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді субсидиялаудың тетіктерін өзгерту қажет екендігін тапсырды.