Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару өсімі оң үрдіске ие болып отыр - А.Мамытбеков
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару өсімі оң үрдіске ие болып отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылыығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Соңғы 12 жылдың ішінде жалпы өнімнің көлемі 4 есеге артып, 2012 жылы 1,9 триллион теңгені құрады. Аталған мерзімде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3 есеге өсті, ал мал шаруашылығының өнімдері 5 есеге артты», - деді министр.
Атап айтқанда, былтыр мал шаруашылығының үлесі өсімдік шаруашылығынан жоғарылап, 50,6 пайызды құраған екен. А.Мамытбековтың сөзіне қарағанда, 2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 3 млрд АҚШ долларынан асып түскен. Бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда, 66 пайызға жоғары.