17:57, 09 Сәуір 2012 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары өсті
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы наурызда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 0,4 пайызға арзандады.

Бұл туралы еліміздің Статистика агенттігі хабарлайды.
Аталған мерзім аралығында мал шаруашылығы өнімі - 3 пайызға қымбаттаған. Ал биылғы жылдың қаңтар мен наурызында баға жүгеріге - 1 пайыз, күрішке - 0,8 пайыз, қарақұмыққа - 0,4 пайыз, бидайға - 0,2 пайызға өскен. Ал тары 2,8 пайызға, арпа 1,7 пайызға, сұлы 1,2 пайызға төмендеген.
Пияз 1,3 пайызға қымбаттап, қырыққабат 11,1 пайызға, картоп 5,7 пайызға, асханалық қызылша 3,2 пайызға, сәбіз 0,4 пайызға, күнбағыс тұқымы 6 пайызға арзандады. Шошқа етінің бағасы 5,3 пайызға, қой еті 4,6 пайызға, жылқы етіне - 3,5 пайызға, ірі қара мал еті 3 пайызға, құс еті 1,9 пайызға өсті. Шикі сүт бағасы 3,6 пайызға артса, бал - 3 пайызға, жұмыртқа - 1,5 пайызға, жүн - 1,1 пайызға қымбаттаған.