11:21, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған конференция өтеді
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - 21 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын жүзеге асыру барысы» тақырыбына арналған конференция өтеді, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Оға Ауыл шаруашылығы министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың ресми тұлғалары, Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылары, отандық агробизнес өкілдері, салалық одақтар мен қауымдастықтардың басшылары қатысады.