Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 2011 жылы 2286,0 млрд. теңгені құрады

None
None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 2011 жылы 2286,0 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы көлемі былтыр 2010 жылмен салыстырғанда республика бойынша 26,8 пайызға өсті. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы 1337,2 млрд.теңгеге, мал шаруашылығы - 942,4 млрд.теңгеге  өндірілген болатын.

Ал республиканың ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлеміне ең үлкен үлес қосқан Қостанай (17,3 пайыз), Солтүстік Қазақстан (15,5 пайыз), Алматы (12,7 пайыз), Ақмола (10,8 пайыз) және Оңтүстік Қазақстан (9,1 пайыз) облыстары болып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram