Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жобаларын іске асыруға 300,7 млрд. теңге мемлекеттік кепілдіктер көзделген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өнімдері бағытында инвестициялық жобаларын іске асыру мақсатында 300,7 млрд. теңге мемлекеттік кепілдіктер беру көзделген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жобаларын іске асыруға 300,7 млрд. теңге мемлекеттік кепілдіктер көзделген

АӨК жобаларын іске асыруды жеделдету мәселесіне тоқталған министр: «Суландыру және гидромелиорация арқылы суармалы жерлерді қалпына келтіру жобаларын іске асыру үшін 2016-2018 жылдары 153 млрд. теңге сомасына халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын болады», - деді. Е.Досаевтың сөзіне қарағанда, «ҚазАгро» ауыл шаруашылығы өнімдерін, ең алдымен, ет пен сүт өндіру және өндеу жөніндегі басым инвестициялық жобаларын іске асыру мақсатында 2016-2018 жылдары 300,7 млрд. теңге сомасына мемлекеттік кепілдіктер беру көзделген.