Ауыл шаруашылығы саласына жаңа техникалар қажет – АШМ
«Техникамыз жоқ болса ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділікті қалай арттырамыз. Техниканың жаңартылу деңгейі 3 жыл бұрын ғана 6 пайыз болатын. Қазір 2 пайыз ғана болып қалды. Бұрын 5 мың техника әкелінсе, қазір бұл көрсеткіш 2 мың ғана болып тұр. Лизингтің пайыздық көрсеткіші - 18 ғана. Бұған кім шыдайды?» - дейді министр.
Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласына ең бастысы техника болса болды.
«Лизинг пен техникаларды алып келу бойынша инвест-субсидиялар жағына бағытты бұрғалы жатырмыз. Біздің салаға бәрібір - ең бастысы тиімді техника болса болды. Беларусьтан келсін, Джон Дир компаниясы болсын - бізге қандай айырмашылық бар? Бізге үздік техникаларды сатып алу керек. Онсыз ешқандай өнімділік артпайды», - дейді ол.
Министрдің сөзінше, бір ғана Джон Дир техникасы Қазақстандағы ескі 8 техникаға татиды.
«Техникалардың 80 пайызы 17 жылдан бері пайдаланылып кеелді. Мұндай техникалармен еңбек өнімділігін қалай арттыруға болады», - дейді АШМ басшысы.