Ауыл шаруашылығы саласындағы сауда қазақ-тәжік ынтымақтастығының негізі болуға тиіс - Жұманғарин

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы саласындағы сауда қазақ-тәжік ынтымақтастығының негізі болуға тиіс. Бұл туралы Қазақстан-Тәжістан бизнес форумында Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы саласындағы сауда қазақ-тәжік ынтымақтастығының негізі болуға тиіс - Жұманғарин

«Қазақстан белгілі бір уақыт ішінде өзінің автомобиль өнімдерін Тәжікстан нарығына экспорттап келе жатқанын атап өткен жөн. 2017-2018 жылдары Тәжікстанға JAC маркалы 147 және Peugeot маркалы 10 автомобиль жеткізілді. 2021 жылдың соңында «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС шығарған JAC брендінің қосымша 175 автокөлігін жеткізуге келісімшартқа қол қойылды. Оның 50-і 2022 жылы Тәжікстанға жөнелтілді. Қазақстанда құрастырылған қалалық JAC S3 кроссовері Душанбе қаласының таксопаркін қалыптастырып отыр», - деді вице-премьер.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Тәжікстанға сазтопырақты тұрақты негізде жеткізіп келеді.

«Ауыл шаруашылығы саласындағы сауда екіжақты ынтымақтастығымыздың негізі болуға тиіс. Өткен жылы агроөнеркәсіп кешені өнімі саудасының 40 пайызға артқаны байқалды. Бұл – өзара сауданың жалпы көлемінің жартысынан астамы, яғни 578 млн доллар», - деді Серік Жұманғарин.