Ауыл шаруашылығы субсидияларын алуда мемлекеттік қызметтер автоматтандырылмақ

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы субсидияларын алу бойынша барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жыл соңына дейін автоматтандырылады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы цифрлық сауаттылық бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған Арман Евниев шаруаларды цифрлық сауаттылық дағдыларына үйрету төрт бағыт бойынша жүргізілгенін атап өтті. Нақтырақ айтқанда, электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен жұмыс істеу дағдыларына оқыту, танаптардың электрондық карталарын толтыруды үйрету, цифрлық технологиялармен жұмыс істеуді үйрету және кооперативтерге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесін қолдануды оқыту жолдары қолға алынған.

«Шаруаларға тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінім беру кезінде көрсетілетін қызметтерді қалай алу керектігін үйрету жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта 40 мың шаруаны оқыту міндеті қойылған еді. Бүгінгі таңда 29 623 шаруаны оқыту жүргізіліп қойды. Бұл көрсеткішке тек бір мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қол жеткізілді. Жылдың аяғына дейін ауыл шаруашылығы субсидияларын алу бойынша барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру көзделіп отыр», - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі өз алдына танаптардың электрондық карталарын толтыру бойынша 15 мың шаруаны оқыту міндетін қойған.

«Қазіргі кезде 66 230 шаруа оқытылғанын ескере отырып, бұл көрсеткіш іске асырылғанын хабарлаймыз», - деді Арман Евниев.

Соңғы жаңалықтар