Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тауар биржасының іске қосылуы үлкен оқиға ?«РТС» қор биржасы» ААҚ-ның басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасындағы алғашқы сауда-саттықтың жүргізілуі бүкіл Қазақстан үшін маңызы зор оқиға. «РТС» қор биржасы» ААҚ-ның басқарма төрағасы Роман Горюков бүгін тауар биржасындағы жаңа сауда алаңының ашылу рәсімінде осылай айтты,

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тауар биржасының іске қосылуы  үлкен оқиға ?«РТС» қор биржасы» ААҚ-ның басқарма төрағасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл алаң әлемдік қаржы нарығындағы қарапайым емес ахуалға қарамастан дер уақытында ашылып отыр. Біз осындай жағдайда ашық биржа алаңының пайда болуы Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін үлкен оқиға. Ол нарықтың қатысушыларына зор басымдықтар береді», - дейді Р. Горюков. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерінің нақты бағасын шамалап, қызметтерін жоспарлауға мүмкіндік алды. Олар енді фьючерстік нарықты құруды жоспарлап отыр. Ол қатысушыларға өз тәуекелдерін азайтуға жол ашады. Яғни, тауарлық және қаржылық нарықтың әлемдік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Қазір ол өте жоғары деңгейде. Фьючерстік сауда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздері белгілеген бағада болашақ өнімін бірнеше ай бұрын саудалауына мүмкіндік береді. Бұл олардың өндіріс қаржысын алдын ала жоспарлауына жағдай туғызады.