Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемі 177 млрд. теңгеге өсті - министр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемі 177 млрд. теңгеге өсті.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Оның айтуынша, АӨК субсидиялау жүйесінің тиімділігі арттырылатын болады. Ол үшін бірқатар кешенді шаралар да қолға алынбақ.
«Бұрын-соңды субсидиялау саласына өзгерістер енгізілмегендігін айтып, көптеген талқылаулар жүргізуге болады. 5 жыл бұрын мемлекеттік субсидия құны 40 млрд. теңгені құраса, бүгінде оның саны 177 млрд. теңгені құрады. Біріншіден, бір саланы ұлғайтпас бұрын, бөлінетін субсидияны да көбейту шарт. Екіншіден, кейбір мамандар мұны мойындамауда. Бұл өте ауырға түсуде, біз аталмыш шаралар дұрыс екендігін түсіндіруіміз қажет. Қазір қоғам мен бизнес жетілді, аталмыш субсидиялау жүйесі тиімді емес, оны өзгерту қажет. Бұл жаңа серпін береді», - деді министр.