Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несие алу жеңілдейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несие алу жеңілдейді. Бұл туралы бүгін Аграрлық несие корпорациясының басқарма төрағасы Нұрмұхан Сарыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көктемгі егістік жұмыстарына мемлекет тарапынан жылдық мөлшерлемесі 7 пайызбен 60 млрд теңге қаражат бөлінеді. Егіс алқаптарының басым бөлігі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Сондықтан қаражаттың басым бөлігі осы облыстарға тиесілі. Дегенмен, біз өтінімдерге қараймыз. Яғни, басқа өңірлерден өтінім көп түсетін болса, онда несиені оларға да береміз. Ең бастысы уақтылы өтінімдерін тапсырса болғаны", - деді ол Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.null

Н.Сарыбаевтың атап өтуінше, осы жылдың басынан бері корпорация ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден өтінімдерді қабылдап жатыр.

"Биыл ілкі жоба ретінде Ақпараттық есептеу орталығымен бірге qoldau.kz сайтында агрокредит бөлімін ашамыз. Аталған бөлім ақпан айынан бастап іске қосылады. Оған несиені тікелей алатын шаруа қожалықтары онлайн режімде тіркеліп, өтінімдерін тапсырады. Сол арқылы олар уақытын үнемдейді. Қанша жері бар, өткен жылы қанша өнім алғаны, қандай кепілдігі бар екендігін дәлелдейтін құжаттар жинаудан босатылады. Бұл құжаттар мемлекеттік базадан алынады", - деді корпорация басшысы.

Соңғы жаңалықтар