Ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі егіс жұмыстарына дайын - ҚР АШМ
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі егіс жұмыстарына дайын.
Бұл жайында бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Министрдің сөзінше, биылғы жылы егіс науқанында 2,7 мыңға жуық жоғары өнімді егін егетін кешендер қатысатын болады. Бұл соңғы буынды техникалар астық тұқымдас алқаптардың жартысына жуығына егін егуге қауқарлы болмақ.
«Техниканы даярлау шараларын әлі де жалғастыру керек»,-деді А. Мамытбеков селекторлық кеңеске қатысып отырған өңір басшыларына қаратып айтқан сөзінде.