Ауыл шаруашылығы вице-министріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы агенттігі 19 мамырда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Өмірияевке қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.

Ауыл шаруашылығы вице-министріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Ол мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңімпаз атануға көмегі үшін кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деп айыпталуда.

Бүгінгі күні айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметінен.