15:59, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы вице-министрінің Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары басталды
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен ара өсіру шаруашылығы мен марал шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған кеңес басталды.
Аймаққа екікүндік сапарының барысында вице-министр Глубокое, Көкпекті және Қатонқарағай аудандарының далалық алқаптарына танысу сапарын жасайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, вице-министр егін орағының барысымен, Қатонқарағайдағы марал шаруашылығының жұмысымен танысады және бірқатар облыстық ара өсіру шаруашылықтары мен құс шаруашылықтарын аралайды.
Негізгі кеңестің жұмысына Шығыс Қазақстан облысының, Шымкент пен Павлодардың омарташылары қатысуда.