Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 22 пайызға артты - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
Бұл туралы бүгін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің форумында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 22 пайызға артты. Бұл экономиканың 7 пайыздық өсіміне қол жеткізу бойынша алға қойылған міндетті орындауға өз үлесін қосады», - деді ол. Министрдің атап өтуінше, 2011 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 1 қызметкерге 5 мың АҚШ долларын құрамақ. Бұл 2005 жылғы деңгейге қарағанда, шамамен 2 есеге жоғары. Сонымен қатар, еліміздің экспорттық әлеуеті ағымдағы жылы астықтың бітік шығуына орай 3 есеге дейін артпақ.
«Осының барлығы туелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі табыстарын айқын көрсетеді және Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл Сіздің аграрлық саясаттағы стратегиялық бағытыңыздың айқындығын дәлелдейді. Бұл әлемде азық-түлік өндірушілерінің бірі ретінде Қазақстанның болашағы туралы сеніммен айтуға мүмкіндік береді», - деді А.Мамытбеков.