Ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағынан көмбе табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағында кабель желісін тартып жатқан жұмысшылар күміс монеталар көмбесін тапты.

Ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағынан көмбе табылды

Көрме орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, табылған 15, 20 және 50 тыйындық монеталар 1921-1924 жылы шыққан. Табылған олжаны тіркеу үшін ережеге сәйкес полиция шақырылды.