«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы болып Ж. Омаров сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылғы 6 маусымдағы №7 күндізгі отырысының шешімімен Сарыбаев Нармұхан Қалмаханұлының «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде құзыреті мерзімнен бұрын тоқтатылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы болып Ж. Омаров сайланды

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылғы 6 маусымдағы №7 күндізгі отырысының шешімімен 2016 жылғы 7 маусымнан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасы болып Омаров Жандар Даниярбекұлы сайланды.

Ж.Омаров М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша (2001); АӨК экономикасы және ауылдық аймақтарды дамыту ҒЗИ (аспирантура) «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша (2004); University of Stirling (UK) магистратурасын «Болашақ» стипендиалдық бағдарламасымен «Қаржы» мамандығы бойынша (2011 ж.) тәмамдады.

Еңбек жолын 2001 жылы бастап, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, мемлекеттік қызметте жұмыс жасады. «ҚазАгроИнновация» АҚ, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ директорлар кеңестерін басқарған.

2010-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инновациялық саясат департаменті, Стратегия және корпоративті даму департаменті директорының орынбасары, Ғылым департаменті директорының қызметін атқарған. 2012-2015 жж. - «Максимум» Аймақтық инвестициялық орталық» АҚ басқарма төрағасы. 2016 жылдың ақпанынан - «ЮгРегионПласт» ЖШС басқарушы директоры.