«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дағы тағайындаулар
АСТАНА. ҚазАқпарат - "ҚазАгро" Ұлттық Басқарушы Холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен Глухов Анатолий Леонидович "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып сайланды.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глухов А.Л. "Банктік іс", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша білім алған. "Қазақстанның микроқаржылық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ директоры болып жұмыс жасайды, "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ тәуелсіз директоры, сондай-ақ "Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Қаржы секторы комитетінің құрылымына кіреді.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен Баймұрынов Марат Алтынғазыұлы Қоғамның Ішкі аудит қызметінің басшысы болып сайланды. Осыған дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы - "БРК-Лизинг" АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы болып жұмыс жасаған.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен Иманқұлов Қазбек Бекболатұлы Шағын несие ұйымдарымен жұмыс жасау департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы департаментте директорының орынбасары болып қызмет атқарған.