«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің жаңа басшысы сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Мұхамадиева Айгүл Стаханқызы қордың директорлар кеңесінің төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің жаңа басшысы сайланды

А.С.Мұхамадиева Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Теориялық математика» мамандығы магистратурасын «Математика» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Сондай-ақ Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.

ЕҚДБ Қазақстанның шағын бизнесін қолдау бағдарламасының аудиторы, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктері - «АТФ Банк» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, директоры болып қызмет жасады. 2011-2014 ж.ж. «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2014-2015 ж.ж. - «Самұрық-Қазына» АҚ бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылғы маусымнан - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры. Қоғамның жалғыз акционері - «ҚазАгро» холдингі басқармасының 2015 жылғы 19 маусымдағы №38 шешімімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.