«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» бизнесті қолдау бойынша өтініштер қабылдай бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несиелеу бойынша уәкілеттік ұйым ретінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтініштерді қабылдай бастады. Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Бағдарлама аясында қаржылай қолдаудың бағыты ретінде - шағын кәсіпкерлікті шағын несиелеу бағыты бекітілген. Бағдарламаның мақсаты - аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және баланстандырылған өсуі мен істеп жатқан және жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ету. Бұл бағытта бюджеттен 2 млрд. 647 млн. теңге бөлінді. 2017-2018 жылдары да осы көлемде қаржыландыру жоспарланған. 

«Несиелеу бағдарламасы Қазақстанның барлық облыстарында жүзеге асырылады. Бөлінген қаржы моноқалалар, шағын қалалар, ауылдық елді-мекендердегі шағын қаржы ұйымдарын несиелеу арқылы шағын бизнес субъектілерін шағын несиелеуге бағытталады. Несиелеу бағдарламасының талаптараны сәйкес, қарыздар шағын несие ұйымдарына одан әрі өз жобаларын жүзеге асырып жатқан немесе асыруды жоспарлаған кәсіпкерлерге бағытталады», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев.

Оның айтуынша, түпкі қарыз алушыларға берілетін шағын несиелер - өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналымдағы капиталды салалық шектеусіз толықтыруға жұмсалмақ.

«Қарыз алатын шағын қаржы ұйымына берілетін қарыздың ең жоғары сомасы - 350 млн. теңге, бір қарыз алушыға - 10 млн. теңгеден аспайды. Шағын қаржы ұйымы үшін бекітілген сыйақы үстемесі - жылдық 4%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі - 4,5% аспайды. Ал түпкі қарыз алушылар үшін номиналды үстеме - жылдық 12% аспайды. Шағын несие ұйымы және түпкі қарыз алушылар үшін қарыз бен шағын несиенің мерзімі - 54 айдан, айналымдағы капиталды толықтыруға бекітілген мерзім - 36 айдан аспайды», - делінген баспасөз баянында.
Жалпы, 2006 жылдан бастап, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несие (шағын қаржы) ұйымдарын қолдауға 10 млрд. 226 млн. теңге бөлді. Бұл қаржыдан түпкі қарыз алушыларға 23 мыңға жуық шағын несие берілді.

Соңғы жаңалықтар