Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры құрылымында өзгерістер орын алды
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен жаңа штаттық кесте, орталық аппараты мен филиалдардың жаңа құрылымы бекітілді. Өзгерістер несие қоржының өсуіне, Жұмыспен қамту жол картасының екі бағытын Қор арқылы жүзеге асырылуына және ауылды жерлерде шағын несиелеуді тиімді жүргізу қажеттілігіне байланысты енгізілді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қор басқармасының шешімімен ұйымдастырушылық құрылымы оңтайландырылды: мониторинг департаменті жабылып, шағын несие ұйымдарымен және проблемалық қарыздармен жұмыс жүргізу жөніндегі департаменттер ашылды.
Қоғамның бұйрығымен Болат Көлдеев - басқарма төрағасының кеңесшісі, Әсемгүл Қайырденова - проблемалық қарыздармен жұмыс жүргізу жөніндегі департаментінің директоры, Раушан Мәдиева - шағын несие ұйымдарымен жұмыс жүргізу жөніндегі департаментінің директоры, Өмірзақ Сыздықов қауіпсіздік департаментінің директоры болып тағайындалды.