Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау Қағидалары бекітілді

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Серік Ахметовтің қаулысымен Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша
None
None

сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 13 ақпан, 129, Астана, Үкімет Үйі

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша

сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту

және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер енгізу туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., 44, 401-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:

реттік нөмірі 268-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау»;

2) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат):

1-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;»;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандартында:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты»;

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет бағдарламасы;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қарыз алушы - меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға, меншік құқығында сервистік дайындау орталығы бар заңды тұлға және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жөнінде қызметтер көрсететін селолық тұтыну кооперативі;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кредиттік келісім - қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз (қаржы лизингі) шарты;»;

11-тармақтың алтыншы бөлігі 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарлама бойынша қаржы институттарын айқындау»;

«Қаржы институттарын айқындау өткiзілгенге дейiн ашылмасын» деген сөздер көрсетiледi.»;

көрсетілген стандартқа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға
1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар