13:11, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ауыл шаруашылығын несиелендіру жайлы облыс басшыларын тыңдаған Премьер-Министр оларға бірқатар тапсырмалар берді
АСТАНА. Қаңтардың 19-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов облыс әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аймақтардағы ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру жұмысы бойынша облыс басшыларының есептерін тыңдаған Үкімет басшысы Алматы облысында орналасқан «Қайнар» зауытының қызметкерлерін жұмыстан жасырын шығару, Атырау облысы Арқамыс - 2 елді мекеніне жарық беру, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы мен Жамбыл облысы Шу ауданындағы бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақы төлеудегі орын алған келеңсіздіктерді де атап көрсетіп, тиісті іс-шараларды қолға алуды тапсырды.