Ауыл шаруашылығында субсидияның 10 түрі жойылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде саладағы субсидиялардың 10 түрі жойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Субсидиялау жүйесін реформалаудың негізгі міндеті азық-түлік қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, фермерлік қоғамдастықтың пікірін барынша ескеруге, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келісілген нұсқасы әзірленді», - деді ол.

Дегенмен, вице-министрдің айтуынша, сүтке, құс етіне және жұмыртқаға тауарлық-спецификалық субсидиялар бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалмақ.

«Жалпы, тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелерді алу нормасы енгізіледі.

Негізгі мемлекеттік ақпараттық базалармен интеграцияланған субсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізіледі. Субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «күту парақтары» енгізілді.

Жалпы, Субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобалары бүгінгі күні мемлекеттік органдарда келісу рәсімін өтуде және жақын арада бекітіледі», - деід Әбілхайыр Тамабек.


Соңғы жаңалықтар
telegram